Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Отбасы - бақыт мекені

2016 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбы аясында апталық өтуде. Апталық жоспарымыздың кезекті шарасы 9 қыркүйек күні №71 мектеп-лицейінің "Сөзмерген" инттеллектуалды-пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен "Бұл Палата ата-ананың қарызын өтеу сенің парызың деп есептейді" тақырыбы бойынша мектепішілік дебат ойындары өткізілді. Айта кетейік, "Сөзмерген" пікірсайыс клубы 2015 жылдың қараша айында мектеп директорының қолдауымен ашылған болатын. Бүгінгі күнге дейін оқушыларымыз қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Айтулы жетістіктеріміз де жоқ емес. Біздің оқушыларымыздың алар асулары әлі алда!





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное