Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№51 мектеп-гимназиясында «Экологиялық айлық» аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.

                      Астана қаласы  №51 мектеп-гимназиясында «Экологиялық айлық» аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.

Жоспарға сай аталған шараға  2-11 сыныптар мен мектеп ұстаздары, барлығы  1762 адам  қатыстырылды.  Сенбілік таңғы  9.00-де басталып, сағат 12.00-де аяқталды.  Қалалық сенбілікке  белсенді қатысу мақсатында  «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты тақырыпта 2-11 сынып оқушылармен әңгімелер, тәрбиелік сұхбаттар жүргізілді. Сенбілікке қажетті бар құрал-жабдықтармен (тырма, курек, сыпырғыш,  қолғап т.б) қамтамасыз етілді.
   Мектебіміздің 11сынып мектеп бітіруші  117  түлегі, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері де өз үлестерін қосты. Мектеп ауласына барлығы  47 түп ағаш отырғызылды.
10 сыныптар  мектептің ішкі тазалығына атсалысты. Мектептің акт залы, спорт залына тазалық жұмыстарын жүргізді.
6-7 сынып оқушылары, сынып жетекшілері сонымен бірге жауапты адамдар өздеріне бөлінген жерлерін толығымен тиянақты жұмыс атқарды.
Мектеп оқушылары өздеріне бөлінген жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізіп,біркісідей өз үлестерін қоса білді. Өздерінің білім алатын мектеп ауласын тазалауда оқушылардың көңіл-күйлері  көтеріңкі, музыканың әуенімен бірге әрбір оқушы өзіңе тиесілі жұмысын ұқыпты да, тиянақты атқара білді. Тіпті кейбір оқушылар «Астана-таза қала» - деген сөзді ұрандатып, бір-бірімен әзіл-қалжыны жарасып, ұйымшылдықпен  бірер сағат уақытта мектептің іші-сырты мен  мектеп ауласын  мұңтаздай етті.  Сонымен қатар қаламыздың тазалығына   ұстаздар қауымы, мектеп медбикесі  мен мектептің кіші қызметкерлеріде  бір кісідей  үлес қосты.

                 Оқушылардың сынып жетекшілерімен бірге «Сенбілік» сәтінен көрініс










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное