Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Досыма сыйлық» атты ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ жәрмеңкесі



Балаларды қорғау күніне арналған

«Досыма сыйлық» атты ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  жәрмеңкесі

    27 сәуір күні мектебімізде Балаларды қорғау күніне арналған «Досыма сыйлық» атты ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  жәрмеңкесі өтті.
5-10 сынып оқушылары жәрмеңкеге белсене қатысты.  Жәрмеңкені технология пәнінің мұғалімі Оспанова Айгүл Нұрланқызы ұйымдастырып, өткізді.
9 «Б» сынып оқушылары Абсамат Айганым, Сарсенбиева Сабина, Мажитова Азиза және 10 «Б»  сынып оқушысы Назарова Мадина,  5 «Ә»  сынып оқушысы  Сейтмагамбет Динара,  5 «А» сынып оқушысы  Каримханова Насипгуль,  Батырбекова Камилалар осы жәрмеңкеге белсене қатысып, сауданы ұйымдастыра білді.
Оқушылар өз қолдарымен жұмысақ ойыншықтар тікті, тағамдар пісірді. Осы заттар мен тағамдарды Кадырова Зейнеп, Кеңес Айгерим, Самешова Аида және 7 «Б» сыныбының қыз балалары сатты.
Қайырымдылық жәрмеңкесіннен түскен ақшалай қаражатқа оқушылар сыйлықтар сатып алып,  Балалар Үйінің тәрбиеленуші балаларына сыйға тартады.  Қайырымдылық жәрмеңкесі оқушыларға өте жақсы әсерін қалдырды.
 
  








 




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное