Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру»

Бұл кездесу бұрынғы кездесулерден өзгерек сипатта өтті. №52 МГ тәрбие орынбасары Ләйлә Сағиқызы оқушыларға лық толы мәжіліс залы төріне келген қонақ ҚР Бас Прокуратурасының Әділет кеңесшісі, Департамент бөлімінің бастығы Тұрмағамбетов Ержан Сисенбайұлын шақырып, микрофон ұсынды. Сөз алған қонақ әңгімені Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» тақырыбынан қозғап, ұлттық кодымыздың бастауы қайда жатқандығын жіпке тізгендей тарих пен әдебиет беттерін аудара, дана Абай ғибратынан «толық адам» болудың сырын ұқтырды, әрі қарай мектеп өміріндегі кездесіп жатқан келеңсіз жайттар: суицид, әлеуметтік желіні торлаған ойындар, діни экстремизм, жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі туралы айта келіп, оқушылар сауалына құқықтық және азаматтық Кодекс баптарына сәйкес жауап берді. Ғибратты кездесу көпке дейін ой салды.



 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное