Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Астана қаласының №49 орта мектебінде 22 сәуір күні мектепішілік сенбіліктің өткізілді

Астана қаласының №49 орта мектебінде

22 сәуір күні мектепішілік сенбіліктің өткізілді туралы ақпарат

 

 

 

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы №234 бұйрығы негізінде  «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты санитарлық тазалау, абаттандыру  және көгалдандыру бойынша экологиялық айлық және сенбілікті өткізу тапсырмасын орындау жалғасуына орай   алғашқы сенбілікте «Өндіріс» кенті тұрғындарына оқушылар атынан флаерлар таратылды. 2017 жылдың 22 сәуір күні Астана қаласы  №49 орта мектебінде 5-11 сыныптан 735 оқушы  сынып жетекшілерімен бірге сенбілікке шығып, мектеп ауласы тазартылып, қоқыстар шығарылып, ағаш түптері ақталды, сонымен бірге ағаш көшеттері отырғызылды.

Сенбілік ІІ ауысым бойынша 9.00-де басталып, сағат 11.00-де аяқталды, ал І ауысым бойынша 15.00-17.00 аралығында өтті. Сенбілікке қажетті құрал-жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш, қолғап т.б) қамтамасыз етілді.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное