Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» (БИС) БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

№55 орта мектепте «БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» (БИС) БІЛІМ БЕРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ атты қалалық семинар болып өтті.
Мақсаты: Технологиялық карталар арқылы сапалы білім мен нәтижеге қол жеткізу. Семинарға №61,№73,№31, №37, №44 мектеп ұстаздары қатысты. Барлық сабақтар өз дәрежесінде өткізілді.
Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған.
Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
– Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді.
     
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное