Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Лондондағы Westminster Kingsway College-нен ағылшын делегаттары келді

Астана қаласының кәсіптік және техникалық коллдежіне 2017 жылдың 14-15 наурызында Лондондағы Westminster Kingsway  College-нен ағылшын делегаттары келді. Делегация құрамында аталған колледждің кәсіпкерлік менеджері Уэнди Брикел, қонақ үй ісі бойынша бағдарлама менеджері Зое Аджей, халықаралық серіктестік және халықаралық тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Кирсти Макларен болды. Сапар барысында колледжіміздің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Омарова.С.Ж және Тлеубаев О.О. оқу бағдарламасын талқылау жайлы баяндама жасады. Ағылшын делегаттары студенттер мен оқытушыларға кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру жайлы мастер класс өткізді.  Колледж директоры, Қапезов Б.Е және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілі Шарипаева Д.  ағылшын делегаттарымен кәсіби даярлау және кәсіпорындармен ынтымақтастықты одан әрі дамуы туралы баяндама ұсынды, онда, кәсіпкерлер, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер кәсіптік және техникалық колледжінде дөңгелек үстел өткізді. Колледж бағдарламасына сәйкес, арнайы пәндер және өндірістік оқыту бойынша декада өтті, қонақтар «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы студенттерінің ағылшын тілі пәнімен интеграциялық ашық сабағына қатысты. Ұлыбритания өкілдеріне Астанада үкіметтік емес ұйымдарда бизнес қызметін ұйымдастыру туралы дөңгелек үстел өткізілді. Колледж студенттері кәсіби дағдыларын және ағылшын тілі білімдерінің деңгейі жақсы екендігін көрсетті. Қорытындылай келе Халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасуды жетілдіру бойынша ұсынытар берілді. Ағылшын әріптестер біздің колледж студенттерінің оқу ісі мазмұнын жоғары бағалады, сондай-ақ олар халықаралық жобасын жалғастыруды ұсынды.



  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное