Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«WorldSkills Astana» қалалық чемпионаты 2017

2017 жылдың 15-16 наурызында WorldSkills Astana қалалық чемпионаты «Мейрамхана сервисі», «Аспаз ісі», «Наубайлық шеберлік», «Дәнекерлеу технологиясы», «Электромонтаж», «Мехатроника», және т.б. құзыреттіліктері бойынша өткізілді.
Чемпионаттың мақсаты мамандықтың мәртебесін, студенттердің және жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және республикалық байқауға қатысатын үміткерлерді анықтау болып табылады.
        Колледжіміздің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 3 ОПп-114 тобының студенті Баталов Диас «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды иеленді. 3 ОПп-214 тобының студенті Қайыркен Азат «Аспаз ісі» және «Наубайлық шеберлік» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің үздік түлегі Ақпекова Жазира II орынды иеленіп қалалық деңгейде колледжіміздің мәртебесін асқақтатты.     Бөлім оқытушылары жеңімпаздарды құттықтаймыз және кемел табыс, жарқын болашақ тілейміз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное