Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітпен кездесу

     №74 мектеп-гиназиясында математика, инфоматика және физика апталығы аясында  өткен   кездесу кешінің қонағы-Ырысбек Мәуіт. Дарынды оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлаудағы ерекше әдістемесі нәтижесінде көптеген шәкірті  халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпазы болды. Ы.Мәуіттің математикалық логиканы дамыту, логикалық есептерді шығару тәсілдерін үйрету жөніндегі есептер жинағы республика көлемінде насихатталып, озық тәжірибе ретінде қолдау тауып жүр. Математика пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушылардың математикалық қабілетін арттыру жөніндегі бірнеше оқу құралының авторы. Ол математика пәні бойынша бағалау жүйесінің жаңа сипатын айқындап, бір қалыпқа келтіріп, өз тәжірибесінде сынақтан өткізген жаңашыл ұстаз. Тың идеяларды ойлап тауып, оны жүзеге асыружолында тынбай еңбектеніп жүрген педагог. Оқушылар көптеген өздерінің сауалнамаларына жауап алды. Қызықты логикалық сұрақтар қойылды және мектеп ұжымына өз шығаршылық кітаптарын сыйға тартты.



 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное