Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ      

 Н.Ә.Назарбаев:  «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең  әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.... Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы» - деп, Елбасымыз атап өткеніндей,  «Мәңгілік Ел» бүгінгі қазақ қоғамы үшін ауадай қажет идея екендігі сөзсіз.       МІНЕ ОСЫ МАҚСАТТА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ, ҚР БҒМ ҒК МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ мен Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ және АСТАНА ҚАЛАСЫ №65 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ұйымдастыруымен «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»  атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшылары, бас ғылыми қызметкерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінің ғалымдары, тарихшылары, оқытушылары, докторантары, студенттері, Назарбаев Университеті жанындағы Астана ұлттық зертханасының ғылыми қызметкері, ҚазҒЗУ колледжінің оқытушылары, Республикалық Жас тарихшылар қауымдастығының өкілдері, Астана қаласының және республикадан мектеп мұғалімдері мен оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.  Республикалық шараның мақсаты ұлттық идеямызға айналған – «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мақсатын жастар санасына сіңіру, қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық келбетімізді сақтап қалудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру, жас ұрпаққа ұлттық мұраларымызды насихаттау болып табылады.  Дөңгелек үстелді Астана қаласы, №65 мектеп-гимназиясының директоры Әлжанов Әділбай Шораұлы алғы сөзбен ашса, Астана қаласы Білім басқармасының қоғамдық  пәндер бөлімінің әдіскері Әмірғалиева Дайра Кайнемқызы кіріспе сөзін сөйлеп, «Мәңгілік Ел құндылықтарының» осы заманғы ұлттық қажеттілігі туралы айта келіп, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық идеяның маңыздылығына тоқталды.  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінің оқытушысы, т.ғ.м.,  НАБИЕВ Саят Талғатұлы қонақтарды таныстырып, республикалық шараның маңыздылығын атай келіп, «Елбасы бастамасымен осы заманда жалғасын тапқан ұлттық идеяның ұлт болып ұйысуымыздағы оң ықпалын» атап өтті.       Астана қаласы Білім басқармасының қоғамдық  пәндер бөлімінің әдіскері Әмірғалиева Дайра Кайнемқызы дөңгелек үстелдің модераторы болды.  Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ ҚОЙШЫҒАРА САЛҒАРАҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ,  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ТАРИХШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ РҮСТЕМ АМАНЖОЛҰЛЫ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОФЕССОРЫ, Т.Ғ.Д. САТАЙ МАҚСҰТҰЛЫ СЫЗДЫҚОВ,  НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ АСТАНА ҰЛТТЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, PhD ЖАКИЕВ НҰРХАТ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.м., Әдиет Қайыркен, ҚазҒЗУ колледжінің тарих пәні оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының академигі ЕЛЕУСИЗОВ Ербол Ибрагимұлы сынды профессор, ғалым, академик ағаларымыз «Мәңгілік Ел құндылықтары» тақырыбында баяндамалар жасап, «ұлттық идеяның бастауы тарихи тереңнен тамыр тартып,  ұлттық мұраттарға жетелейтін қозғаушы күшке айналғанда ғана «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық идеология бола алатындығын атап өтті.       Сонымен қатар, Астана қаласы Білім басқармасы мен ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесе өткізген «ЭКСПО-2017: Мәңгілік Ел құндылықтары» және «Алаш Орда үкіметіне 100 жыл: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.          «Мәңгілік Ел» идеясы әрине ұлттық идеямыз болып табылады. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын біздің жас буын бойына сіңіріп, ұлттық мемлекетімізді көркейту жолында қызмет етіп, жеке мүддеден елдік мүддені артық қойғанда ғана ұлттық мұраттарымыздың орындалары сөзсіз.      Алаш ардақтысы, ұлт көсемі  Ахмет Байтұрсынұлы:  «...Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты. Құмырсқаша жабыла тынбай істесек  өнеді. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұрған құмырсқа болмайды. Жұрт жұмысын да солай істесе, алға басады...Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай, кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы...» - деп, «Мәңгілік Ел» идеясының басты қағидаларын анық етіп атап өткен.      Сондықтан да Ұлттық мемлекетіміздің негізін қалаған Алаш интеллигенциясы Ахмет Байтұрсынұлының осы қағидасын әр қазақ жастары өзінің өмірлік кредосы етсе нұр үстіне нұр болып, ұлттық мемлекетіміздің болашағы баянды, тұғыры берік болмақ! .                                                                                                                                                                                                                                                     Набиев Саят  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінің оқытушысы, т.ғ.м.      
Сатылганов Азрет       Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, т.ғ.м., Республикалық Жас тарихшылар қауымдастығының мүшесі








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное