Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Бастауышым бал бұлағым!

Астана қаласы №64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып бірлестігінің
«Бастауышым - балбұлағым» атты апталықтың қорытындысы.

      Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтардың жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді.
Мақсаты: Жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Бастауыш сынып апталығы 25.01.2017 - 06.02.2017 аралығы өткізілді. Мұғалімдер ашық сабақтарда жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.
      Сабақтарға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
Әсіресе 1–сыныпқа берген мұғалімдердің жаңа білім беру мазмұны бойынша өткізілген сабақтары ерекше өткізілді. Сабақ барысында жаңа технологияларды қолдана отыра сабаққа дискриптор құрып, оқушыларды критерийлер бойынша бағалады. Оқушылар ерекше белсенді көзге түсті.
Сонымен қатар оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» Канафина А.Б, «Жолда жүру ережелері» Мынбаева А.Е, «Кім боламын?» Каирова Г.М. мұғалімдері өткізген тәрбие сағаттары болды.
Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл мұғалімдердің ерінбей еңбек еткендігінің көрсеткіші.

 Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Алтынхан Ж.Т.

 










Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное