Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№10 мектеп гимназиясы ММ "Мектептегі өрт қауіпсіздігі " тақырыбында сабақтан тыс шара өтті.

Мектептегі өрт қауіпсіздігі

№10 мектеп гимназиясы  ММ "Мектептегі өрт қауіпсіздігі " тақырыбында сабақтан тыс шара өтті. Мектепте өрт болып жатқан жағдайда не істеу керек ? Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда, оларды эвакуация жасауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондақтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.

Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіліенген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.

Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын. Бәрі құтқарылғандығын білу керек.

Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:

1.Дабыл қағу

2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру

3.Құтқару

4.Жинақталу

5.Түгендеу

Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.

Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.

Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.

Өрт кезіндегітәртіп ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің  есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.

 

Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.

  
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное