Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Үштілділікті дамыту: Өзге тілдің бәрін біл,- Өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы онкүндіктің салтанатты ашылуы

Бүгін, яғни 2017 жылдың 16 қаңтар айында, мектеп-гимназия қабырғасында

«Үштілділікті дамыту: Өзге тілдің бәрін біл,-

                                         Өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы онкүндік салтанатты ашылды. Аталған онкүндік директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева Майра Рахымбаевнаның басшылығымен 2017 жылдың 16-28 қаңтар аралығында өткізу жоспарланды. Бұл онкүндіктің барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің ашық сабақтары,  сабақтан тыс іс- шаралардың ұйымдастырылуы көзделеді.

         Онкүндіктің өткізілу мақсаты: Достық пен бірлікті нығайту барысында тілдерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, үштілділік саясатын дамыту, қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттап, оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

         Салтанатты жиынды жүргізушілер қазақ тілі мұғалімі Жетібай К. қазақ тілінде жүргізсе, ағылшын тілі мұғалімі  Медетова С. орыс және ағылшын тілінде  жүргізді. Сонымен қатар оқушылар үш тілде тіл тақырыбында өлең оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Жетібай Көбей де «Ана туралы» әнін орындап,көрермен көрермендердің көңілінен шықты. Бүкіл мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың  «Көзімнің қарасы»  әнін үш тілде орындап, өз өнерлерін көрсетті.

 






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное