Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Астана қаласының кәсіпорындар базасында тәжірибеден өту

2017 жылдың 05 қаңтардан 12 қаңтар аралығында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінің арнайы пәндер оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері  Астана қ.  «Hyundai Auto Astana» ЖШС, «Астана -Қамқор» ЖШС кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.    
Тәжірибе оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлердің біліктілігін арттырудың негізгі ұйымдастырушылық формалардың бірі болып табылады және кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіру мақсатында жүзеге асады. 
Өндірістік оқыту шеберлері Бегалин Е.К., Есмаханов Р.С. «Автомобильдің қозғалтқышы мен электр жабдығын диагностикалау» және өндірістік оқыту шебері  Шуева Ю.С. «Автомобильдің техникалық күйін диагностикалау» тақырыбында өз тәжірибелерін шындады.
Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері Исабеков М.С., Курманалиев Б.Б., Загипаров А.К., Кешубай Ж., Абылгазин Э.С. « Дөңгелектің түсуін реттеу және автомобильді жалпы және элементтері бойынша диагностикалау» тақырыбында тәжірибеден өтті.
Біліктілікті жоғарлату бойынша өндірістік оқыту шебердің ең негізгі міндеттерінің бірі – өндірістік озық тәжірибені зерттеу және оны оқу үрдісінде қолдану.
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері тәжірибе соныңда  сертификат пен кәсіпорынның басшысынан сын-пікір алды. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное