Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Педагогикалық кеңес.

30 желтоқсан күні гимназияда педагогикалық кеңес өткізілді. Педкеңес барысында 1 жартыжылдықтың үлгерім қорытындысы, қорытынды аттестаттауға дайындалу сұрақтары қарастырылды.  Аттестатталанатын мұғалімдер білім жетілдіру тақырыптары бойынша өз білімдерімен, жұмыс тәжірибесімен бөлісті, әдістемелік портфолиоларды ұсынды. «Білім мазмұнын жаңарту аясында сабақтарда зерттеу мәдениетті қалыптастыру мен шығармашылық жағдайды құру, танымдық белсенділікті дамыту»  негізгі тақырып бойынша талқылау өте қызықты өтті. Негізгі баяндаманы Ж.Т.Оспанова оқыды. Ол өз сабақтарында қолданып жүретін зерттеу мәдениеті туралы айтып, тұсаукесерлерді көрсетті, оқушылар дайындаған постер мен жобаларды көрсетті. А.П.Байда, Д.Э.Чигрина,  В.А. Халиулина мұғалімдері де өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Бұл мұғалімдер 1 сыныпта қолданылатын жаңа үлгідегі оқулықтармен жұмыс істеу барысы туралы айтты. 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное