Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Дені - мықты, рухы - өр ұрпақ тəрбиелеу - басты мақсат. 24 қарашада Астана қаласы № 74 мектеп мектеп-гимназияда "Астана ұландары" кадет сыныбының салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өтті.

Елдің қауіпсіздігі жолында тер төгіп, өлшеусіз еңбек етіп жүрген ҚР Қарулы күштері ҰƏПО-ның аға офицері , майор М.Ш. Аягөзова, ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары, тəрбие жəне идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы С.Қ. Таласов, ҚР ҚК шекара қызметі директорының тəрбие ісі жөнінденгі орынбасары міндетін уақытша атқарушы полковник К.Н.Маратұлы, Астана қаласы Білім басқармасы əдістемелік кабинетінің меңгерушісі К.И. Ибраева, ҚІЖД тəрбие жəне идеология жұмыстары жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі А.Т.Айтбаев, Астана қаласы Алматы ауданы əскери бөлімінің запастағы полковнигі С.Т. Алпысов, Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Н.Омаров, "Жас Ұлан" мектебінің орта командирі Н.Г. Жүнісов, ҚІЖД Əскерден тыс дайындық бөлімінің бастығы Е. М. Жүсіпов , №68/665 əскери бөлімі əуе-десанттық даярлық бөлімінің аға офицері , майор Р.Ж.Жансейітов сынды азаматтар мен БАҚ өкілдері салтанатты рəсімнің құрметті қонағы болды. Сонымен қатар кадет сыныбы оқушыларының ата-аналары, 8-11 сынып оқушылары мен Астана қаласының тоғыз мектебінен келген Əскери жетекшілер көрермендер қатарынан орын алды.
Аталмыш шарада " Астана Ұландары" кадет сыныбының Жас Ұландары көк Ту астына сап түзеп, елімізді, жерімізді қорғауға, Отанымызды сүйетін , үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін нағыз патриот болуға , Қазақ елінің біліммен қаруланған айбынды азаматы болуға Ант етті. Ұландар Ант қабылдап, Əнұранымыз əуелеп , кеудемізді қуаныш кернеді. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да , кадет сыныбының оқушылары қару-жарақпен жұмыс жүргізуді, қоян-қолтық ұрыс тактикасын терең меңгергендіктерін көрсете білді. Сондай-ақ, жан-жақты болуға күш жұмсайтын "Астана ұландары" кадет сыныбының Жас ұландары вальс биін билеп, көрерменді тəнті етті. Бір ерекшілігі сол , вальс биін оқушылармен бірге гимназия директоры Жеңісгүл Темірханқызы мен əскери жетекші Сейілхан Темірханұлының да билеуінің өзі көрерменді өзгеше əсерге бөлеп, оқушылар мен ата-аналардың қуанышына ортақтас екендігінің нышаны іспеттес болды. Салтанатты рəсім кадет сыныбы оқушылары хормен орындаған "Отаным" əнімен тəмамдалды. Шара барысында Ант қабылдаған ұландарымызға құттықтау тілектерін жолдаған салтанатты рəсімнің құрметті қонақтары жоғары деңгейде өткізілген іс-шара үшін мектеп-гимназия басшысы Жеңісгүл Темірханқызына жəне ұжымға зор алғыстарын білдірді. Құрметті қонақтармен естелік - суретке түсумен аяқталған салтанатты рəсімнен жұртшылық дəн ризашылықпен тарқасты.
Намысы - наркескен , ары - алдаспан өр рухты ұрпақ тəрбиелеу барлық тəрбие мен білім беру ордаларының басты мақсатына айналуы керек деп түсінемін. Ұлдарыңыз намысты , қыздарыңыз арлы болсын, ағайын!
 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное