Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Өмірлік жолда – спорттық адыммен» фестивалі 2016 жыл

Астана қаласы №59 мектеп-лицейі

«Өмірлік жолда – спорттық адыммен» фестивалі 2016 жыл

«Астана –есірткісіз қала»аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Өмірлік жолда – спорттық адыммен» фестивалі 2016 жылдың 24 қарашасында өткізілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты: Өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттерімен дағдыларын қалыптастыру,денсаулықты нығайту.

Міндеттері:Балалармен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылар арасында келешегі бар спорт түрлерін насихаттау, сабақтан тыс бос уақыттың тиімді және пайдалы қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы фестивальға мектебіміздің 5,6,7 сыныптары атсалысып өз өнерлерін дайындады. Оқушылар команда болып  би өнерлерін және де гимнастикалық мәнерде өнерлерін көрсетті. Бұл жерде оқушылардың қаншалықты бір-бірімен командалық жұмысы, ұйымшылдығы бір-бірімен үйлесімділігі бағалау критерийлер қатарына кірді. «Өмірлік жолда- спорттық адыммен» атты фестивальға дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастырды.

№59 мектеп-лицейінің 5 «Ә»сыныбы –Гран При жүлдесіне ие болды.

1 орын-  5 «Б»сыныбы

2 орын- 6 «В», 5 «Ғ», 6 «Ғ» сыныптары

3 орын- 6 «Б», 5 «В» сыныбы және бастауыш сыныптары.

Жеңіске жеткендер дипломдармен және де сыйлықтармен марапатталды.

 




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное