Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойы қарсаңында «Қазақ Ғылым Академиясының құрылуына 70 жыл» толуына орай қалалық деңгейде дөңгелек үстел түрінде семинар өткізілді.

21 қараша күні лицейде  Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойы  қарсаңында  «Қазақ  Ғылым  Академиясының құрылуына  70 жыл» толуына орай   қалалық  деңгейде дөңгелек үстел түрінде  семинар өткізілді.

 Семинарды Тәуелсіздігімізің -25 жыл мерейтойымен  құттықтай отырып, табыс тіліеп мектеп директоры  Әзімбай Камила Кәрімбердіқызы ашып берді.     Семинарды  Республикалық «Тәуелсіз елдің таланттары» байқауының  жеңімпазы 1- сынып оқушысы Данияров Аңсардың «Туған жер» әнімен басталды. Семинарға Мемлекеттік тарих институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы ,Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызы қонақ болып қатысып, Қазақ  Ғылым  Академиясының құрылуы туралы біраз құнды  деректерімен бөлісті.

  Сонымен қатар №38 мектеп-лицей тарихшылары  Маженов Боранбай Науанұлы, Шакенова Зауреш Казизовна, Сағитова Айгүл Әнуарбекқызы ,Бутабаева Мақпал Ермұратқызы Қазақ  Ғылым  Академиясының құрылуы, академия басшылары, Қ.Сәтбаевтың өмір жолы  туралы баяндама оқып,  түйінді ойларын ортаға салды.  Қалалық іс – шараға Астана қаласының мектептерінен тарих пәні мұғалімдері қатысып өздерінің ой -пікірлерін білдірді.

  Семинарды Республикалық «Тәуелсіз елдің таланттары» байқауының бас жүлдегері Баяхмет Елдана «Көңіл толқыны» күйімен аяқтады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное