Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-аналардың "Өз балаңа үлгі бол"

10 қыркүйек 2016 жылы, 21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналардың «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы республикалық конференциясы өтті. Бірінші сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық көмек туралы ақпараттар берілді. Ата-аналарға  Жаңа мектептің табалдырығын аттаған балалардың қандай қиындықтармен кездесетіндігі туралы ақпарат, одан кейін үш «Б» заңымен таныстырылды. Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту үшін, ата-аналар жіберуі мүмкін төрт маңызды қателіктермен таныстырылды. 1-сынып оқушысының бейімделу процесі сәтті өткенін қалай түсінуге болады; баланы мектепте оқытуға бейімдеу; баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал ету жолдары мен жағымды уәждеме - ойынын құрудың тиімді тәсілдері туралы ақпараттар берілді. Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығы мен мектептерде пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы туралы мағлұмат арнайы дайындалған видеоролик арқылы берілді. Ең соңында Отанымыз жайлы Төлеген Ғабдрахманның орындауындағы «Менің Қазақстаным» атты ән видеоролигі қойылды. Кездесу Астана қаласы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бас директоры София Львова Эвдокимовнаның тілек сөзі ұсынылды. Осы видеороликтен кейін мектеп психологі қатысушыларға ескертпелерді таратуды ұсынды. Өз сөзін сіздер туралы әрбір адам «Қандай керемет отбасы» деп айтқанын қалаймын, сіздерге және 1-сынып оқушыларына сәттілік тілеймін деді. Осымен бүгінгі конференция мәресіне жетті.  Конференция соңында ата-аналар өздерінің лебіздерін білдірді.

         

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное