Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты мектепішілік апталық өткізілді

    2016 жылдың 8-13 қыркүйек аралығында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында республикалық Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты мектепішілік апталық өткізілді. Апталық барысында ата-ананың мектеппен тығыз байланыс орнату мақсатында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 1-сыныптардың ата-аналарымен «Өз балаңа өнеге бол» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; тәрбиелеу ісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз ету. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
    «Бақытты отбасы» атты тақырыпта 9-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі бірлестігінің  ұйымдастыруымен шығармалар сайысы өтті.
    «Мен және менің отбасым» атты 5-7 сынып аралығында сурет сайысы, «Тәуелсіз елдің өнегелі отбасы» сенминар тренинг 10-сыныптарда өтті. 3-сыныптар арасында «Әкем,шешем және мен» спорттық-эстафеталық сайыс өтті. 5-11 сыныптарда Отбасы күніне орай «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

 
     
 
     
                                 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное