Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Балалар қауіпсіздігі» айлығы

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында 2016 жылдың 15-қыркүйегінде директордың тәрбие жөнінде орынбасарлары Ауезханова Асем Мананқызы мен Муканова Гульсана Сарсенбекқызының ұйымдастыруымен  Астана білім басқармасының 05 қыркүйектегі №466 бұйрығына сәйкес,  2016 жылғы 07 қыркүйек пен 07 қазан аралығындағы  «Балалар қауіпсіздігі» айлығына орай  құрылған жоспар бойынша, «Салауатты өмір» орталығынан актёрлар  келіп, ойын түрінде  танымдық театрланған көрініс көрсетілді.

Танымдық театрланған көріністің мақсаты: оқушыларға танымдық ойындар арқылы «Жолда жүру ережесі» қағидаларын танып білу. Көрініс барысында жол белгілерінің суреттері көрсетіліп, оқушыларға тақырыпқа сай жұмбақтар мен сұрақтар қойылды. Cынып жетекшілер мен оқушылар көптеген ақпарат алғандары туралы пікірлерін айтып жатты.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное