Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Отбасы – бақыт мекені» атты мәнерлеп оқу сайысы

   Мектебімізде «Отбасы күні» мерекесіне орай алғаш рет 1-11 сынып ата-аналарының қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа жалпы жиырма үш ата-ана қатысты. Әділқазылар алқасы ата-аналардың мәнерлеп оқуына, сахна мәдениетіне, актерлік шеберлігіне баса назар аударды. Көпшілікті қоңыр дауысымен тамсандырып, әртістік қабілетімен ерекшелене түскен ата-аналар мынадай орындарға жайғасты. ІІІ орынды 9 «А» сыныбының ата-анасы Нұғыман Нұрай, 1 «Ә» сыныбының ата-анасы Хасенова Динара және 5 «А» сыныбының ата-анасы Дүйсембин Аманжол алса, ІІ орынды 8 «Ә» сыныбының ата-анасы Баканова Гүлжан мен 6 «В» сыныбының ата-анасы Жүсіпбекова Жұмабике өзара бөлісті. І орынды  6 «А» сыныбының ата-анасы Мерекенова Гаухар алды. Бас жүлдені 7 «В» сыныбының ата-анасы­­­­­ Қырықбаева Лаура иеленді.


 

 

 


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное