Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы

Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы 2016 жылғы тамыз айының 25 күні Балалар  құқықтарын қорғау жөніндегі  басқарманың қолдауымен АО «СБЕРБАНК» жаңа оқу жылын бастауға дайындалып тұрған балғын балаларымызға сыйлықтарын тапсырды. АО «СБЕРБАНК» директоры Утемисов М.Б. және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Орынбасарова Ляззат Жақсылыққызы жаңа оқу жылымен құттықтап, 3 оқушыға сөмке және мектепке қажетті құрал жабдықтар тапсырылып, қуанышқа бөленді. 


2016 жылығы тамыздың 26 күні Астана қаласы Сарыарқа әкімдігінің қолдауымен материалдық көмек көрсету үшін демеушілерді тарту мақсатымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы 5 оқушыға сөмке және мектепке қажетті құрал жабдықтар атап айтсақ: дәптерлер, қаламдар, түсті және түссіз қарандаштар, файлдар, сурет альбомдарын ұсынды. Сонымен қатар балаларға «Арсенал» кинотеатрында бир сағаттай мультфильм көрсетіп және барлық балаларға тегін балмұздақ таратты.
Балалардың қуанышында шек болмады көмек көрсеткен абзал жандарға №15 мектеп-лицей оқушылар тарапынан 3 «Д» сынып оқушысы Музыченко Данил Сарыарқа әкімдігіне, демеушілерге алғысын білдірді.


Тамыз айының 20 күні Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың қолдауымен «KZ» қоғамдық қоры 2 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті.
Тамыз айының 29 күні ЖК «Сәтті» аз қамтылған отбасынан шыққан 5 оқушыларға және 2 мүгедек балаларға мектеп формасымен қамтамасыз етті. Оқушылардың қуанышында шек болмады көмек көрсеткен абзал жандарға алғыстарын білдірді.
30 күні ата-аналардың өтініші бойынша жалпы мектеп оқу қорынан 118 000 теңгеге жетім және ата-анасынан қамқорлығынсыз қалған 6 балаға мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
31 күні Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың қолдауымен «KZ» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасынан шыққан 1 оқушыға сөмке және кеңсе тауарлар түрінде көмек көрсетті.
Акция аясында көмек көрсетілген оқушыларымыздың ата-аналары демеушілерге өздерінің жылы лебіздерін айтып, алғысын білдірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное