Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ата-аналар конференциясы

2016ж. 10.09. күні сағат 10.00.-де №15 мектеп-лицейінде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Республикалық ата-аналар конференциясы
өтті. Республикалық ата-аналар конференциясын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Конференцияны мектеп директоры Б. Жаркенов құттықтау сөзімен ашты. ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының ата-аналарға жолдаған құттықтау сөзін директордың тәрбие ісінің орынбасары Ғ. Омашева оқып берді.

Мектеп психологы Сандуғаш Аманбайқызы ата-аналарға «Неліктен балада қиыншылық тууы мүмкін деген сауалмен бастап, видео роликтер көрсете отырып, туындаған сұрақтардың жауабын таба білді. Туындаған әр мәселені тек қана отбасы және мектептің өзара тығыз қатынаста ғана шешуге болатынын айтып өтті. Конференция соңында видеоролик арқылы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының директоры София Евдокимовна ата-аналарды Отбасы мерекесімен шын жүректен құттықтады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное