Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Отбасы – менің байлығым»

«Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясында, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде 10 сыныптар арасында «Отбасы – менің байлығым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл тақырыпты ашу барысында оқушылар өзара пікірталас ұйымдастырып, өз отбасыларының ерекшеліктері, салт-дәстүрлері және жанұя құндылықтарымен бөлісті. Әсіресе 10 «в» сынып оқушылары: Толғанбаева Диана, Усманова Юлдуз, 10 «а» сыныбының оқушысы Райхан Ардақ сынды оқушылары ерекшелене білді.

10 «г» сыныбының оқушылары Тулеген Темірлан, Шакирбеков Ратмир  түсірілген видеороликтерінде, отбасындағы күнделікті өмірлері, мереке және демалыс күндерінің керемет сәттерін әсерлі жеткізген.  

Оқушылар мен ата-ананың қарым-қатынастарын нығайту үшін ата-аналар шақырылды. Ата-аналар атынан мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы сөз сөйледі. Ол өзінің 30 жылдық о тәжірибесі бар адам ретінде отбасын қалай құрғаннан бастап, отбасының дәстүрлері туралы ой бөлісті.

Керемет кештің соныңда ен аяулы адам – ана туралы әнді барлық қатысушылар мен қонақтардың қосыла шырқаумен аяқталды. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное