Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сыңғырла күміс қоңырау

Алтын шапақ шашыратып көгінен

Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен

Балапандай ұясына асыққан

Шәкірттерін шаттандырып сеніммен,-

    деп басталған жүргізушілер сөзі әр жүректі толқытты. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үні табысып отыр. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ата Заңымыздың 21 жылдығы, қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 21 жыл толуын абыроймен атқаруды Алла тағала нәсіп етсін.

    Бар мектептің басталар бүгін жыры

    Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

    Жаңа оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт

    Құтты болсын бүгінгі Білім күні! – дей отыра Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзеліп, « Елім менің» әуенімен Ту енгізіліп, Әнұран орындалды.

   Жаңа оқу жылының басталу салтанатының алғашқы құттықтау сөз кезегі Астана қаласы № 48 мектеп-лицей директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, білім үздігі Зәуре Жақанқызына берілді.

    1-сынып оқушыларының құрметіне ән шашуы жолданды, 7-сынып оқушысы Құдайберген Қасиетәлі  «Жаса, Қазақстан» әнін орындады. Қазақстан Оқу Ассоциациясының мүшесі Зейнегүл Көпбаева құрметті қонақ болып, «Үздік эссе» номинациясының Бас жүлдесін жеңіп алғаны үшін 10 «б» сынып оқушысы Абдурахманов Мирасқа бағалы сыйлық табыс етті.

   Қоңырау сыңғырла асыға

   Үн қосқан қиялдан асуға

   Білім ал, еңбек ет, жас ұлан

   Өрле сен, биік щың басына

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі жүргізілді. Қоңырау соғылып болған соң, ойша асқақ армандарын ойлап, 1-сынып оқушылары шар ұшырды. Мектеп оқушылары түзеліп, тік тұрып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылды.

   Мереке зор қуаныш-білім күні,

   Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні

   Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,

   Балдырған, балғын жандар өмір гүлі- дей отырып жас бүлдіршіндер «Мен өз елімнің патриотымын» атты білім сабақтарына шақырылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное