Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Біз таза қаланы қолдаймыз!

Астана қаласының №49 орта мектебінде
23 сәуір  күні қалалық сенбіліктің өткізілуі

№49 орта мектебінде «Біз таза қаланы қолдаймыз!» ұранымен өткізілген қалалық сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылары толықтай қатысты. Балаларға сенбілік кезіндегі еңбек ережелерімен таныстырды. Сенбілік мектеп директорының тілек сөздерімен  басталды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері дайындаған Flesh Mob биі сенбілік қатысушыларының көңіл күйлерін көтеріп, жұмыс белсенділіктерін арттырды.

Мектеп ауласына санитарлық – тазалық жұмыстары әр сыныпқа арнайы бөлінген территорияларда жүргізілді.

Сенбілікке   107  қызметкерлер  және  1109 оқушы  қатысты.

Экологиялық сенбілікке санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар (сыпырғыш, күрек, тырма, шелек, қолғап, қапшықтар) оқушылар өздерімен алып келеді.

Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары белсенді түрде сенбілікке қатысып, оқушыларға үлгі бола білді.

Мектеп ауласы  тазарып, қоқыстар шығарылып, ағаш түбтері ақталды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное