Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жалпы қалалық сенбілік!

2016 жылдың 23 сәуірінде №17 мектеп-гимназиясының оқушылары  Деточкина  Дарья , Нариман Айрика – 11 «Б» сынып, Беділханов Ағзам 11 «А» сынып оқушылары жалпықалалық сенбілікте Орынбор көшесінде ағаш отырғызуда белсене қатысты.

Нариман Айрика - 11"Б" сынып оқушысы

Қайырлы күн! Менің атым Нариман Айрика,  мен 17 мектеп - гимназиясының президенті және мектеп бітіруші түлегімін. Мен, Қазақстан Республика Парламент мәжілісінің депуттары  мен атақты   адамдарымен бірге ағаш отырғызғаныма  қуаныштымын. Менімен бірге  менің сыныптастарым түлектер аллеясында ағаүш отырғызды. Бұл дәстүрді болашақ түлектер де жалғастырады деген үміттемін.   Тек біз, Қазақстанның жас ұрпақтары  жалпықалалық сенбілікке  шығып, қаламыздың  гүлденуіне,  жасыл қала болуына өз үлесімізді қосуымыз керек.  Қаламызға деген сүйіспеншілікті  осындай махаббатпен  жеткізіп,  біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың  қаламызды шетелге танытып, бүкіл мемлекет , ел зор сүйіспеншілікпен  қарайтын жағдайға  қол жеткізді.
  Біздің ұранымыз  Сенім, еңбек, мақсат қою!

Наш девиз «Мечтать, Трудиться, Верить!»

 

Беділханов Ағзам – 11 «А»  класс

Мен, Беділханов Ағзам, Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназясын бітірейін деп отырған түлекпін. 

Ата-бабадан қалған «Отан – оттан да ыстық» деген сөз бар.

Мен үшін  оттан ыстық Отаным –– Қазақ елі және Астана қаласы.

           Ерке Есіл жағасында көркімен көз тартқан Ару Астана – мәдениет пен білімнің ошағы , кең байтақ елімнің тірегі, тыныштық пен бейбітшілік нұрын әлемге таратқан , әлемді таңғалдырған қала.  Осы қаланы жас жүрегім елжіреп жақсы көремін. Бұл сезім барлық астаналықтарға тән деп ойлаймын. Сондықтан оның әсемдігі мен тазалығы барлығымыз  үшін маңызды. 
Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы -  Астана қаласының көркеюіне өз үлесін қосу- әрбір астаналықтың парызы.  Әлем жұртшылығы  арайлы Астанаға таңдана берсін, біз де әсем Астанамен мақтанайық!




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное