Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Астана - таза қала!»

2016 жылдың  сәуірдің 23-і күні «Астана - таза қала!» айлығы аясында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік сағат 09.00 де басталып, 14.00 де аяқталды. Сағат 09.00 де 7 сыныптар алғаш келіп,  мектеп директоры Р.Буламбаева құттықтау сөз сөйлеп, қауіпсіздік ережесінің сақталуын айтып өтті.  Сенбілік барысында музыка қойылып, оқушылар мен ұстаздар қауымының көңіл күйі көтеріліп, жұмысты қарқынды істеді.  Сенбілік мектеп  ауласын бекітілген карта бойынша сыныптарға бөлініп, ағаш қалдықтары мен  қоқыстардан еңбек құралдарымен тазартып, оқушылардың қала сенбілігі арқасында еңбекке баулу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылды.
     Сонымен бірге ағаштар отырғызылып, маңайды сыпыру, ағарту тазарту жұмыстары жасалды.
     Қалалық сенбіліктің жоспарға сай ұйымдастырылуы мен атқарылуы  директордың ТІЖО Г.И.Жусупова жауапкершілігінде болғандықтан, жоғары түрде ұйымшылдықпен атқарылған сенбіліктің нәтижесі маңай таза, ағаштары ағартылған, қалдық қоқыстар мен қыстан қалған қажетсіз ағаштар жиналды.
     Әр сыныпқа бөлініп берілген территорияға, участоктеріне сайкес сыныптың өз ұсыныстарымен бірнеше ағаштар әкеліп отырғызды.
     Сонымен қатар өздеріне бөлініп берілген жер телімдерін тазалады. Қалалық сенбілікке  қызу кіріскен  ұйымдастырушылар жұмыстарына оң баға берді. Әдемі музыкамен, жақсы көңіл күймен атқарылған іс жоғарғы деңгейде бола бермек. Жалпы, сенбілікке  мектеп аумағына 1520 оқушылар мен ұстаздар қауымы жұмылдырылды. Ал, бастауыш сыныптарда оқитын 1334  оқушы  мен 40  мұғалім сынып бөлмелерін тазалады.
Қалалық сенбілікке бірауыздан қатысқан барлық 5-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреміз.





















 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное