Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Астана - таза қала!» айлығы аясында өткен сенбілік туралы

     2016 жылдың  сәуірдің 23-і күні қалалық сенбілікке  мектеп оқушылары мен ұстаздары, мектеп әкімшілігі  жұмыла атсалысты. Сенбілік мектеп  ауласын бекітілген карта бойынша сыныптарға бөлініп, ағаш қалдықтары мен  қоқыстардан еңбек құралдарымен тазартып, оқушылардың қала сенбілігі арқасында еңбекке баулу жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылды.

     Сонымен бірге ағаштар отырғызылып, маңайды сыпыру, ағарту тазарту жұмыстары жасалды. Сенбілікке  І  ауысымның 8 -11сынып оқушылары сынып жетекшілерімен яғни, барлығы 43 сынып, 618 оқушы   және 43 сынып жетекші, мектеп ұстаздары мен  мектеп әкімшілігі түгелі атсалысты.

     Қалалық сенбіліктің жоспарға сай ұйымдастырылуы мен атқарылуы  директордың ТІЖО Ғ.Қ.Ысмайылдың жауапкершілігінде болғандықтан, жоғары түрде ұйымшылдықпен атқарылған сенбіліктің нәтижесі маңай таза, ағаштары ағартылған, қалдық қоқыстар мен қыстан қалған қажетсіз ағаштар жиналды.

     Әр сыныпқа бөлініп берілген территорияға, участоктеріне сайкес сыныптың өз ұсыныстарымен бірнеше ағаштар әкеліп отырғызды.

     Сонымен қатар өздеріне бөлініп берілген жер телімдерін тазалады. Бүгінгі күнгі сағат 9:00-ден басталған сенбілік 13:00-ге дейін жалғасын тапты. Қалалық сенбілікке  қызу кіріскен  ұйымдастырушылар жұмыстарына оң баға берді. Әдемі музыкамен, жақсы көңіл күймен атқарылған іс жоғарғы деңгейде бола бермек. Қалалық сенбілікке бірауыздан қатысқан барлық 8-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреміз.

 

  

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное