Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Қауіпсіз ғаламтор»

Балаларды қауіпті әлеуметтік желілерден алдын ала сақтандыру және ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында сәуір айында №53 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз интернет» акциясы өткізілді. Акция барысында дүсенбі күні тақырыпқа сәйкес сынып сағаттары өтті.  Мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Сынып сағаттары интернеттің жағымды-жағымсыз тұстарын айта отырып, түсіндіру, пікірталас, конференция түрінде ұйымдастырылды. 9 сәуір күні  «Әке - жауапты лауазым» тақырыбында әкелер слеті болып өтті. Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлт болашағы үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру.Слетте мектеп директоры Қ.Ж. Әбдірәсілов салтанатты түрде ашып, келген әкелерге қошемет көрсетілді. Күн тәртібі бойынша директордың орынбасарлары Нұржанова Г.С., Абденова Т.К  мектепте ата-ана мен мектеп арасындағы байланысып атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Екінші мәселе бойынша мектеп психологтары Жүнісова Н.З., Доголакова А.Ж. әкелер туралы видеоматериалдар көрсетіп, «Бала тәрбиесінде әкенің ролі» жайында дәріс оқыды.

    

Оқушыларды қауіпті әлеуметтік желілерден сақтандыру, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мектепте келесі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 2016 жылы 8 сәуір күні 7-8 сынып оқушылары арасында тәлімгер Ильясова Гаухар Оралбаевна және 7«е» сынып жетекшісі Таскентбаева З.М ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны - 2016» байқауы өтті. Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Байқауға 7 «Б, В, Г, К, Д», 8 «А, Ә, Б, В, Г, Е, Ж» сынып оқушылары қатысты.
Мектептің бірінші қабатында бейнелеу пәні мұғалімі Омарова Э.А. «Бақытты балалық шақ», «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыптарында суреттер көрмесін ұйымдастырды.
4–сынып оқушылары арасында  Есмағанбетов Қайсар Жомартұлынын ұйымдастыруымен спорттық.  «Әкем, анам және мен» сайысы  іс-шарасы өтті. Байқауға барлық  4–сынып оқушылары мен ата–анасы келіп қатысты. Сайыс отбасылық сайыс болғандықтан өте қызықты да тартысты өтті өте тартысты өтті.  Сайысымызға 8 команда келіп бақтарын сынады.  Оқушылар да  ата-аналар дабар ынталарымен қызығушылық танытып белсене қатысты.  Жеңімпаздарды анықтап,  мараппаттау қағаздарымен мараппатталды.


Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен  9-11 сыныптар аралығында  сынып аралық футбол жарысы өтті. Футбол жарысын ұйымдастырушы дене шынықтыру мұғалімдері:  Тілеухан Саясат және Омаров Абылай.  Жарысқа 13 команда қатысты. Жарыс  4 күнге созылып, өте қызықты ойындар болды. Жалпы қорытындылай келе жеңімпаздарды анықтап,  кубок, медальдар  және мараппаттау қағаздарымен мараппатталды.

   

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное