Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясында өткен «Қауіпсіз интернет» іс - шарасына АНЫҚТАМА


Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясында «Қауіпсіз интернет» іс - шарасына жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Бұл шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата – аналардың назарына агрессивті  Интернет мазмұнының әсері мәселесін ұсыну, түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату болды. Осыған орай мектепте 1 – 11 сынып аралығында лездемелер мен сынып сағаттары өтті.

Сонымен қатар мектепте өткізілген ата – аналар жиналысында  да «Қауіпсіз ғаламтор» және «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы ата- аналарға ақпарат берілді. 5 – 8 сынып аралығында  тіл мамандарымен  «Ғаламтор – біздің өмірімізде» атты шығармалар сайысы өтті.

       

Мектеп психологтары қазақ, орыс сынып  оқушылармен тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты қауіпсіз интернетте қауіптің алдын алып, балалардың интернеттегі жұмысын пайдалы ету үшін ақыл кеңес беру.Тренинг  - сабақтың  басталуы бірінші оқушылардың интернет желілеріне деген ойларын білуден басталды. Оқушыларға Интернет желісінде көп отырасыз ба және көп қолданасыз ба? – деген  сұрақтар берілді. Оқушылардың интернет желісін пайдаланатындарын айтты.  Интернет желісі несімен тиімді немесе тиімсіз? – деген  сұрақтар Оқушылардың ойын жалғастыру мақсатында слайд арқылы «Қауіпсіз интернет» жайлы ақпараттар айтылды. Қазіргі күні интернет желісін пайдаланбайтын адам баласы жоқтың қасы. Бірақ та осы интернет желісінде жас өспірімдердің қаншалықты уақытын кетіріп, өзге адаммен тілдесіп немесе қауіпті ақпараттарды қарап отырғанын ата – аналары үнемі бақылауда ұстаулары қажет. «Интернет көп жағдайда оқу мен қарым – қатынас үдерісіне жағымды әсер еткенімен, өкінішке орай, желіде балалар үшін өрескел тіпті қауіпті ақпаратта кездесіп жатады. Ата – аналар мен мұғалімдерге балалар мен оқушыларды Интернеттегі белгілі бір мазмұндағы ақпараттың зиянды әсерінен қорғауға көмектесу үшін, сондай – ақ, қазіргі заманғы технологияларды қауіпсіз қолдануға үйрету.»

*        Интернет қолданушылар

Интернет қолданушылардың 85% жасөспірімдер, ал 15% ата- аналар

Интернет несімен қауіпті деген сұраққа оқушылардың жауап беруі.

Тренинг-сабақ нәтижесінде оқушылар «Қауіпсіз интернет» жайлы жақсы білетіндіктерін атап өтті. Сабақ соңында оқушылар «Қауіпсіз интернет» жайлы өз ойларын білдіріп қорытынды жасай білді















 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное