Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

14.04.2016ж. "ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады"

    Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осыған орай, 14 сәуір күні гимназияда кітапханашы Г. Сүлейменова «Кітапты ғаламтор алмастыра ала ма?» деген тақырыпта  5-7- сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Жұмыс барысында оқушылар қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отырғандықтан өте пайдалы екендігін айтса, келесі топ әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін, ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар сананы улаумен шектесетін айтып кетті. Бір топ «кітапты ғаламтор алмастыра алады». Қай жерде отырсақ та, керек мәліметті ғаламтор көзі арқылы тауып алуға болады десе, бірі «Кітапты ғаламтор ешқашан алмастыра алмайды» деген пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное