Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы- Ұланбасының сайлауы

Сәуірдің 27-і күні оқушылардың  қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы- Ұланбасының сайлауы өтеді. Сайлау науқанында ұланбасы атағына өздерін үміткер ретінде ұсынған оқушылар: Ақжол Шұғыла, Мырзақұл Меруерт, Амангельдин Дамир, Николаев Азиз, Ғайса Арайлым, Смаилова Меруерт, Куралова Ақтоты, Хусаинова Дина, Полатова Зәуре көптеген іс-шараларын атқарып жатыр. Оқушылар өз бағдарламаларын дайындап, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуде.
Осы іс-шараларының бірі, 19 сәуір күні кандидаттармен пресс-конференция өтті. Конференция барысында оқушылар үміткерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Кандидаттар алдағы бағдарламаларымен таныстырып, жақын достары өз міңездемелерін берді. Мектебіміздегі «Ұланбасы» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын  негізге ала отырып өткізіледі. Әр ұланбасы үміткерлеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

 








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное