Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жеңісіңмен, Жанар!

Колледжіміздің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының 3 ОПМ-313 тобының белсенді білім алушысы Тұрсынова Жанар тағы бір жаңалығымен қуантты. Жанар Астана қаласының атынан 2016 жылдың 7-11 сәуір аралығында Орал қаласында Самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты. Ол 44 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, жүлделі III орынды иемденді.
 Осындай қарымталы жеңісімен құттықтай отырып, деніне саулық, толағай табыстар мен  өмір жолында сәттілік тілейміз. Әрқашан биік белестерді бағындырып, ел сенімін ақтап, Әлем чемпионатында байрақты бәсекеге түсіп, еліміздің намысын қорғай беруіне  тілектеспіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное