Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Туған күндеріңмен!

Әр аптада колледжде «студенттер буфетінде» әр топтың туған күні өтеді. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттерге әлем асханаларын таныстыру. Осы іс-шараға орай «Көліктерге техникалық қызмет көрсету» бөлімінің  2 АТМ-214 тобы білім алушыларына американ асханасы таныстырылды.
  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шебері Шакиева Назгуль Аманжоловна білім алушыларға видеороликпен презентация дайындап, американдық асхананың ас мәзірімен таныстыра отырып, әрбір тағамының өзіндік ерекшеліктеріне жақынырақ тоқталып өтті.
2 ОПП-214 тобы өндірістік оқыту шебері Нуржауова Нуржанат Муратовнаның жетекшілігімен американдық тағамдар дайындап, білім алушыларға ұсынды.
Топтың өндірістік оқыту шебері Байгужина Гульсезим Нурлановнаның жетекшілігімен топ білім алушылары Америка туралы көптеген мағлұматтар алып, олардың тағамдарынан дәм татты. Мұның барлығы студенттердің есінде қалары сөзсіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное