Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Өнегемен өрілген өмір" (Зауре Жақанқызының 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш)

   Тамыз айының 28 жұлдызы күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейдің директоры, «Қазақстан Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», ұлағатты ұстаз Зауре Жақанқызының мерейлі 60 жасқа толған шығармашылық кеші  аталып өтті. Ұзақ жылғы өнегелі өмірі еңбекпен өрнектелген ұстаздың шығармашылық кешіне төмендегі қадірлі қонақтар куә болды: Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры Кертаева Калиябану Махметовна, филология факультеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Муратова,  филология ғылымдарының докторы, профессор Бекжан Әбдуәли мырза. Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы,   Республикалық «Дарын» орталығының директоры Тимур Сейтқажыұлы, республикалық «Дарын» орталығының педагогикалық шеберлік зертханасының басшысы Айгуль Акимгереевна, №30 мектеп-гимназия директоры С.М.Азимханова.

Шығармашылық кеш екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде шығармашылық кеш иесіне арналған ән-бимен, өлең-жырлар, шын жүректен шыққан жалынды тілектер жолданды. Екінші бөлімде Зәуре Жақанқызының балалық шағынан бастап, өмірі, отбасы жайлы, ұстаздық қызметінің өсу, шарықтау кезеңінен бейнефильм көрсетілді. Шығармашылық кеште Зауре Жақанқызының гауһар тастың сан қырындай жарқыраған өнер иесі екендігі көпшілікті тәнті қылды. Шығармашылық кеш иесіне арнап жасалған көрмеде салған суреттері мен тоқылған тоқыма бұйымдары көз жауын алардай әсемдікпен жасалынған.

Іс-шараның  қорытындысында Зауре Жақанқызының білікті басшы, ұлағатты ұстаз, жақсы дос, әділетті әріптес, асыл жар, аяулы ана, қадірлі әже болуымен қатар өз елін сүйген, еліне қалтқысыз қызмет еткен патриот екендігін білді. Кеш соңында ұзақ жылдардағы ерен еңбегі үшін Зауре Жақанқызына  төмендегі марапаттар ұсынылды:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен тығыз байланыста болып, кәсіби әріптестікті дамытқаны үшін «Л.Н.Гумилев» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Б.Асылованың «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ, Нұрсұлтан қаласының Алматы ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

         Өмірі өнегемен өрілген мектеп басшысы әрі әріптесіміз Зауре Жақанқызын мерейлі жасымен құттықтаймыз! Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығын, отбасыңыздың амандығын, бақытқа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беруіңізге тілектеспіз. Қашанда абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын!  

     Игі тілекпен:     А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей ұжымы






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны