Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі
отырысының 2019-2020 оқу жылындағы
ХАТТАМАСЫ №1
Нұр-Сұлтан қаласы №80МГ
Төрағалық етуші: Мектеп-гимназия директоры, кеңес төрайымы Г.Жарменова
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі – Г.Жадаханова, Г. Майканова, С.Нугуманов, А.Тургумбаева, М. Базарбаева.
Күні: 06.09.2019
Мұғалімдер-114
Күн тәртібінде:
- Нұр-Сұлтан қаласы №80 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемкорлыктың алдын алу мен сақтандыру жөнінде өткізілген шаралар туралы.
Жарменова Гульмира Сергазиевна - Нұр-Сұлтан каласы №80 мектеп-гимназиясы директоры, мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған іc-шаралар жоспары «Астана қаласы білім беру жүйесінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегi ic- шаралар жоспары» негізінде кұрылып, бекітілді. Жоспардың мақсаты мен негізгі міндеттері:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
- Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Әр мұғалім білуі тиіс:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.
Бекітілген жоспар бойынша ұжымдағы құқықтық оқуда «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен коғамды осы келеңсіз кұбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайтындығы жайлы құжаты қарастырылып талқыланды. Сондай-ак, 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес «Нұр Отан» партиясынын бағдарламасы мен 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының Жемкорлыққа арналған стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес» заңының орындалуы қарастырылды. Жалпы құқықтық оқу сабағанда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сауда жасау барысында және рәсім өткізуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының сақталуы сөз етілді. Мектепте құрамына тоғыз адамды біріктірген «Қамқоршылык кеңесі» кұрылып, жұмыс жоспары
бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстарын, оқушылардың жекелеген санаттарын тегін тамақпен қамту мемлекеттік кызметін көрсету жұмыстарын жүргізумен айналысуда деп сөзін түйіндеді.
Нугуманов Сырым Ботаханович - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Астана каласының №80 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 2 кыркүйегі күні, Астана қаласының сыбайлас жемкорлыкка қарсы іс- кимыл агенттiгінің офицерлері Кулажанов Серік және Жолмуханов Мурат, 9-11 сынып окушыларына, жалпы адамгершілік және директордың тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтар аясында өскелен жемкорлыққа қарсы мәдениетті калыптастыру және оған карсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында «Адалдық сағаты» такырыбында кездесу откізді.
Нұр-Сұлтан каласынын №80 мектеп-гимназиясында Адалдық дүкені ашылып, өз жұмысын оқушыларды адалдықка тәрбиелеу максатында бастап кетті. Бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыкка карсы иммунитеттін» дамуына тікелей әсер етеді. Жобаның концепциясы бойынша сатып алушы өзіне кажетті тауар түрін сатып алып, кассалык аппаратты алмастыратын арнайы жәшікке акшасын тастап, кайтарымын алады. Осы жоба аясында окушылар өздерінің белсенділіктерін танытуда. 2019 жылдың 6 мамыр күні Нұр-Сұлтан каласы №80 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып окушыларымен Сыбайлас жемкорлықка қарсы саясатты іске асыру үрдісіне коғамдық кең ауқымын тарту максатында, «КР Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл агенттігі» әзірлеген коғамда сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті калыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2019 жылға арналған Кешенді жоспардын такырыбында бірыңғай сынып caғaттары өткізілді. "Ұлт тарихы-ұлттык тәрбие" такырыбында Абайтанушы, профессор, доцент, теолог-ғалым Омар Жалелулымен кездесу. Максаты: Жастарды рухани адамгершілікке, патриоттыка, Отанымызға деген кұрмет, сезімге, адалдыкка тәрбиелеy. Кездесуге 5-11 сыныптардан катысты. Кездесу барысында окушылар ездерін қызыктырған сауалдарын 400 окушы койып, Омар ағамен әңгіме дүкен кұрды. Балалардың кез-келген сұрактарына бүкпесіз жаyап беріп, окушыларга Отанымызға деген кұрмет, адалдык такырыптарында және айналасындағы мұктаж кайырымдылық істер жасауды көбірек жүргізу керектігін тілге тиек етті. Ол кішіге де керек, үлкенге де керек»,-деп кездесуге жиналған жастарды білімді, адал болуға шақырды. «Рухы бірдің- мүддесі бір!» атты дөңгелек үстел. Казактан шыққан тұңғыш ғaрышкер, ұшкыш, Кеңес Одағының Батыры, Казакстан Токтар Онгарбайұлы Әубәкіровпен кездесу. Максаты: Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.
«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 325 ата-ана қатысып, ой бөлісті.
Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 459 оқушы қатысып, ойларын ортаға салды.Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.
Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі тақырып негізінде, сөзімді «Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі» деп қорытындылаймын.
Тургумбаева Алия Айтжумановна - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Директор жанында өткен мәжілісте мектептегі жемкорлыкка карсы күрес шаралары мен жағдайы туралы сұрактар қаралып, хаттамасы толтырылды. ҚР жемкорлыкка карсы занын, ҚР «Жемкорлыкка карсы курес» занының талаптарын түсіндіру бойынша, «Занды және жеке тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарын карау тәртібі» туралы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемкорлыкқа қарсы КР стратегиясын, 2015-2025 жылдарға aрналған «Нyр Отан» партиясының сыбайлас жемкорлықка карсы күрес бағдарламасы карастырылды. Мектеп ссепшілері ҚР бюджеттік кодексі талаптарын сактау бойынша окыту - семинарына катысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – шын мәнінде баса маңыз берілуге тиісті жалпымемлекеттік мәселе және мемлекет осы жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында барлық күшін жұмылдыруда. Бір жағынан, жемқорлыққа қарсы күресуді, оның алдын алуға мүдделі болуды халықаралық стандарт міндеттеп тұр,өйткені мұнда шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға ұмтылыс бар десек, енді бір қырынан қарағанда, осы арқылы мемлекеттік басқару процесін жетілдіруге өзіміз де ынталы болып отырмыз.
Шешімі: Нур-Султан каласы №80 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен сактандыру жөнінде өткізілген шаралар канағаттанарлық деп есептелінсін.
№80 мектеп-гимназиясының 2019-2020 о/ж «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жемқорлық пен құқықбұзушылыққа қарсы өткізген іс-шаралар есебі
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамда сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты қамтып көрсететін, «Адалдық – тәртіп нормасы» берік азаматтық позициясын бағамдайтын сыбайлас жемқорлықты көпшілік кінәлауда көрінетін құндылықтар жүйесі. «Адалдық – тәртіп нормасы » тақырыбында 9- сынып оқушылар арасында пікірталас өтті. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз. Мектеп психологі 5-7 сынып оқушыларынан психологиялық агрессияны анықтау барысында анкеталық сауалнамалар алып, қорытындысын шығарды.
2019-2020 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске»
байланысты жүргізілген жұмыс түрлері
Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының 31 шілде 2015 жылғы 03-1-4/2910 бұйрығы негізінде «Білім туралы» Заңының 8- бабы 2- тармақшасына сәйкес ақша жинауға жол бермеу мақсатында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрығы және мектептің 04 тамыз 2015 жылғы №86 бұйрығы таныстырылып, арнайы бұрыш жасалды. Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.
Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп басшысы Г. Жарменова педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындаата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен, бопсалауды» болдырмаудың алдын алу» тақырыбы бойынша жаңа форматта «аналар»,«әкелер» кеңестерінің отырыстары өткізілді.
Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу. Әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Мектеп инспекторы Кайпбеков А. оқушылармен, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп, «құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алуда» жүргізіліп жақтан іс-шаралармен танысып, пікір алмасты. Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.
«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.
Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 319 ата-ана қатысып, ой бөлісті.
Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 459 оқушы қатысып, ойларын ортаға салды.
Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.
Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер