Меню KDT

Новости

Главная Новости

Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы

Желтоқсан айының 6 жұлдызында Поэзия патшайымы, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай гимназиямызда еске алу кеші өткізілді. Ақынның өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау мақсатында өткен кездесуге ақынның көзін көрген, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі, Фариза Оңғарсынованың "Күйші Дина" спектаклінде Жантолы рөлін сомдаған актриса Исабекова Бақыт Арғынғазықы, «АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» фильміндегі АНА рөлін сомдап, «Үздік әйел адам рөлі» номинациясын иеленген Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы және Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық театрының жас әртістері БОЛАТ ҚОБЫЛАНДЫ, ЕРСІН АЙТМҰҚАШ келіп қонақ болды.
Кеш барысында 6 сынып оқушылары ақынның АНА, әйел тақырыбына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, Мұқағали ақынның "Фариза" әні домбырада орындалып, хор ансамблінің патриоттық әні мен биші бүлдіршіндердің өнерлері қонақтарды тәнті етті.
Театр актерлеры Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығының жаңа қырлары туралы, өмірдегі болмысы мен естеліктері туралы мазмұнды әңгіме өрбітті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кеш соңында жас актерлар гимназия оқушыларының сұрауымен ән айтып, поэзия оқыды. Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі өскелең ұрпақтың жүрегінде сақталады деп сенеміз. Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын даңқына бәріміз бас иеміз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны