Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша С.Мәуленов атындағы #37 орта мектептің оқушыларымен мектептің педагог-психологтары: Нурмаханова С.Б және Доголакова А.Ж "Агрессиямен қалай күресесің?" тақырыбында іс-шаралар өткізді. 8-10 сынып оқушыларына ролик көрсетіліп, "Агрессиямен қалай күресемін" атты эссе жазылды. Балалар эссе арқылы өз пікірлерін білдірді, сондай - ақ өз құрдастарына жағымсыз эмоцияларды қалай жеңе алатындай кеңестер берді.