Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ғали Ормианов атындағы №7 мектеп –гимназиясы 04.03.2017ж. 11.30-да өткізілген 8 Наурыз халықаралық аналар күніне арналған «Ана бақыты» атты мерекелік Бағдарламаға АНЫҚТАМА

Ғали Ормианов атындағы №7 мектеп –гимназиясы
04.03.2017ж. 11.30-да өткізілген 8 Наурыз халықаралық аналар күніне арналған «Ана бақыты» атты мерекелік Бағдарламаға
 
АНЫҚТАМА

Бағдарлама: «Ана бақыты».

Бағдарлама  тақырыбы: «Әрбір әйел, өзін бақыттымын деп санауы керек!» 
Бағдарлама мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту. 
Көрнекілігі: Безендірілген Акт зал , лозунг, шарлар, АКТ құралдар.

Өткізілген орны: Акт зал

Бағдарламаға ұйымдастырушылар: 8 «Ә», «Ғ» оқушылары

Бағдарламаға қатысушылар: 8 «Ә», «Ғ» оқушылары және ата-аналары. Бағдарлама көрермендері мектеп директоры: Ж.Т.Айтова, директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Молдатаева және мектеп мұғалімдері,ата-аналар.

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!! -дей отырып, бағдарлама жүргізушілердің әдемі әзілімен және бейнебаянды көруден басталды. Осы бейнебаянды көру арқылы көрермендерде сұрақтар туындап, бағдарлама барысында ұялы байланыс арқылы хабарласа алды.

Бағдарлама қонақтары:арнайы шақырылған 8"ə" сынып оқушысы Сейткалиева Саида жəне оның ардақты анасы Қарашаш Орналиева және 8"Ғ" сынып оқушысы Дәулетбаева Аружан жəне оның аяулы анасын Айнұр Дəулетбаева бағдарлама жүргізушілері дайындаған "Сұрақ-айдар" кезеңінде сұрақтарға жауап беріп, ұйымдастырған ойындарына қатысты. Аналары заманауи әуенге билесе, қыздары 80 жылдардағы әуенге билеп өз өнерлері ортаға салды. Қыздардың пысықтығын байқау үшін картоп аршытып, олар  өздерінің үй шаруасына деген икемін байқатты. Музыкалық сәлем: 8"ə" сынып оқушысы Герд Мадина «Анаға тағзым!» әнін нақышына келтіріп орындады. Бағдарлама соңы қонақтарға сыйлық беріп, ана мен қызының қарым қатынасының нағыз бір үлгісін көрсеттіңіздер деген тілекпен, қошеметпен шығарып салумен аяқталды.

Келесі кезең  8"ғ" жəне 8"ə" оқушыларының өнерлерін көрсетулерімен жалғасты. 8"ғ" жəне 8"ə" қыздарының арасындағы би жарысы болды. Қыздар 80 жылдардағы стильде мың бұрала би биледі.

8"ғ" жəне 8"ə" ұлдарыда өз өнерлерімен бөлісті. 8"ə" ұлдары КВН көрсетіп, көрермендерді  күлкіге қарқ етіп, қонақтардың көңілдерін көтерсе.  8"ғ" ұлдары «16 қыз» әнімен әншілік қабілеттерін тамаша көрсете білді.

Бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Мектеп директоры: Ж.Т.Айтова сөз сөйлеп, бағдарлама ұйымдастырушыларына өз алғысын білдіре отырып, келген аналарды, мектеп ұстаздарын 8 Наурыз мерекесімен құттықтады. Барлық қонақтар көтеріңкі көңіл күймен тарқады.

Бағдарламадан көріністер:














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное