Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ақындар айтысында Диас жүлделі орынмен елге оралды

    Астана қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы Жамбыл атамыздың 171 жылдығын тойлап, дүбірлі шара өткізіп жатқанда тағы бір сүйінші хабардың куәсі болды. Жыр алыбының туған жері Ұзынағаш ауданында жылдағы дәстүр бойынша өткізілген республикалық ақындар айтысында Елорданың намысын қорғай барған мектебіміздің 8-сынып оқушысы Төлепберген Диас жүлделі 1-орынды иеленді. Былтырғы өткен айтыста әкімнің арнайы жүлдесімен оралған ақын бала бұл жолы да елінің артқан үмітін ақтай білді. Күні кеше өткен ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің құрметіне ұйымдастырылған жыр мүшәйрасында қанжығасына бас жүлдені байлаған Диасқа өнерің өрлеп, мерейің үстем бола берсін демекпіз.

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное