Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

ағылшын апталығы аясында «Trip to wonderland»ертегілер сайысы өтті

      27.02-04.03 күндері арасында ағылшын тілі пәні апталығы болып өтті. Апталықтың тақырыбы «More languages, more opportunities»деп аталды. 28.02.2017 ж күні 3-4 сыныптар арасында «Trip to wonderland»ертегілер сайысы өтті. Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу мәнеріне, әртістік қабілетіне,  ертегінің қойылымына,  ерекшелігіне, костюмдеріне, музыкалық сүйемелдеуіне байланысты бағаланды. Еуразия Ұлттық Университетінен келген қонағымыз  ағылшын тілі пәні мұғалімі Баеза Хумберто Хосе Эстрадо  қазылар алқасының мүшесі болып, ергілер сайысын тамашалады. Оқушылар үлкен  қызығушылықпен дайындалып келген. 1 орынды 3 «Ғ» сыныбы «Red Riding Hood», 2 орынды 4 «А» сыныбы «The wooden house», 3 орынды 3 «А» сыныбы «Little bun» ертегілері жеңіп алып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Басқа сыныптарға әртүрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар тапсырылды.

  

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное