Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Инновациялық технологиялар - оқушылардың білім сапасын арттыру құралы»

Бүгін С. Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Инновациялық технологиялар - оқушылардың білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында өткізілген мектепішілік әдістемелік айлығының қорытындысы бойынша жиналыс өткізілді. Айлық 4 әдістемелік апталықтан тұрды: 1-ші білім мазмұнын жаңарту бойынша, 2-ші- сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша, 3-ші- БжС технологиясы бойынша, 4-ші- денсаулық сақтайтын технологиялар бойынша. Мектеп мұғалімдері өздерінің жаңаша әдіс-тәсілдерін қызықты сабақтары арқылы көрсетуге мүмкіндік алып, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін таныта білді. Әдістемелік айлық барысында тек қана сабақтар өткізіліп қоймай, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналармен өткізілген дөңгелек үстелдер де көрсетілді. 129 мұғалімнің ішінде әдістемелік айлыққа 85 мұғалім қатысты. Бұл қатысушылар құрамында тек тәжірибелі ұстаздар ғана емес, жас мамандар да өз сабақтарын өткізді. Мектеп бір ай бойы инновациялық технологияларды меңгеруде «белсенді режимде» жұмыс жасады. Мұғалімдер тәжірибе алмасуда және өз кәсіби шеберлігін арттыруда үлкен көмек ала алды.
        


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное