Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жаңаша оқыту философиясы»

Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ-де  ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Т.М.Әбдікәрімнің 75 жасқа толуына орай «Ана тілі: оқыту, зерттеу мәселелері» тақырыбында өткізіліп жатқан халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында 28 ақпан күні «Жаңаша оқыту философиясы» тақырыбында №48 мектеп-лицейі мұғалімдері А.Момынқұлова мен Л.Ильясова білім ордасының студенттері мен ұстаздарына «Шебер-класс» сабағын өткізді. «Сыни ойлау» жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері А.Момынқұлова өткізген сабағы қатысушылардың көңілінен шықты. Сабақ жүргізудің жаңаша әдіс-тәсілдері студенттердің үздіксіз әрекет етуіне ықпал етті. ЕҰУ ұстаздары рефлексия сатысында тренингтің жоғары дәрежеде өткені туралы пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное