Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылуы

Бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нурхан Саветовна апталықтың жоспарымен таныстырды. Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту мақсатында өтетін апталық тақырыбы «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» деп аталады. Салтанатты жиын екі ауысымда да өтті. 1-ауысымның ашылу салтанатында директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары Ибраимова Қамажай Ибраймовна құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тілесе, 2-ауысымда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы құттықтау сөз сөйлеп, республикалық «Көркем сөз» сайысының жүлдегерлері Әшірбай Мирас, Серік Ақмырза, Большевик Айсана, Саяхат Алхар сынды оқушыларды құттықтады. Сондай-ақ жұлдызды оқушылардың сынып жетекшілері Ахметкалиева М.Ж. мен Сыдықова Ж.А.-на алғыс білдірді. Апталық жоспарында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жоспарланған. 1-ауысымда мектеп табалдырығын биыл ғана ашқан оқушылар салтанатты жиында жүрекжарды өлеңдерін оқыды. 1 «Е» сынып оқушысы Тургалиева Амина «Ана тілім» әнін орындаса, ал 2-ауысымда 2-сыныптар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздары мен мектеп әкімшілігін қуантты.

Екінші қабатта 1-сыныптар «Менің сүйікті кейіпкерім» бұрышын, 2-сыныптар «Сиқырлы саусақ», 3-сыныптардың ұйымдастыруымен «Ертегілер әлемінде», 4-сыныптар «ЕХРО-2017-ге» арналған шығармашылық бұрышын жасаған.

            Ұстаздардың шығармашылығы мен әдістемелігін көрсететін көрме де ұйымдастырылған. Игілікті істер өз жалғасын таба берері сөзсіз.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное