Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Құм мандалаларын жасау» атты ашық оқу іс-әрекеті өтті

Астана қаласы Білім басқармасының балабақша психологтарының тәжірибелік шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, 24 ақпанда № 45 «Самұрық» балабақшасының психологы Рахымжанова Алма «Құм мандалаларын жасау» атты ашық оқу іс-әрекетін көрсетті.  
       Семинарға Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш., модераторлар Шонтыбаева А.Н, Төлеген А.О. қатысты.                                
       Мақсаты: балалардыішкі жай күйді реттей білуге үйрету; топтағы қарым-қатынас дағды-ларын жетілдіру, ағзаның ішкі ресурстарын жұмылдыру арқылы іштей ширығудың  алдын алуға, болдырмауға дағдыландыру. Өзгенің сезімімен санасуға, еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
     Оқу іс-әрекеті барысында психолог Алма Рахымжанова құм терапиясының балаларда зейіннің, есте сақтаудың ырықтылығына әсеріне, шығармашылық ойлауға  баса назар аударды. Маманның қосымша сұрақтары нәтижесінде балалардағы іштей ширығу деңгейі төмендеп, бір-біріне қарым-қатынасы жақсарды. Құм мандалаларын жасау арқылы балалардың өз әрекеті, өз сезімдері жайлы әңгімелеуге  ынтасы артты. Топтағы жағымды психологиялық ахуал  іс-әрекет соңындағы рефлексия барысында айқын көрінді. Балалар жұмыс барысындағы көңіл-күйлерін суреттер (смайликтер) арқылы бейнелеп көрсетті.
     Семинар барысында педагог-психологтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, кіріктірілген панорамалық сабақ та көрсетті.
         Семинар соңындапедагог-психологтар дөңгелек үстел аясында өз пікірлерімен бөлісті.
  
   


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное