Мерекелік іс-шара бағдарламасы «Дизайн» мамандығы бойынша колледж студенттерінің жұмыстарының көрмесінен басталды. Көрмеде графика, кескіндеме, «Батик», «Біз кесте» техникасында орындалған жұмыстар қойылды.
Астаналық мектеп Сарайының сахнасында «Ғасырлар мұрасы болған дәстүрлердегі менің дала қиял - ғажайыптарым...» театралді – музыкалық қойылымы қойылды. Наурыз мерекесімен келген қонақтарды білім Басқармасының басшысы Э.А. Суханбердиева құттықтады.
Сонымен қатар Оқушылар сарайының сахнасында «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша киімдер коллекциясы, «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша сәнді шаш үлгілері көрсетіледі.
Қонақтарға астаналық колледж оқытушылары мен студенттерінің шығармашылықтарымен танысты. Кескіндеме, «Біз кесте», ұлттық киімдер (тері және киіз), кешкі көйлектер мен пальто коллекциялары («пэчворк техникасы»), джинсалық матадан жасалған бұйымдары – бұл қазақ халқының қазіргі кезеңдегі қолданыстағы декоративтік-қолданбалы өнерінің элеметтерін көруге мүмкіндіктер туғызды. Көрмеге қойылған барлық жұмыстардың ерекшелігі қолмен жасалған. Хендмейд – қолмен жасалған жұмыс деген мағнаны білдіреді. Қазіргі заман талабына сай сұраныстағы сән үлгісі.Сондықтан сахнада көрсетілген әр топтамада бір-біріне ұқсас емес қайталанбас өзіндік ерешеліктері болды.
Оқушылар сарайының сахнасында колледж оқытушылары мен студенттері өздерінің шығармашылығын кәсіби шеберлігін көрсетті. Бүгінгі күні іденіс нәтижелерге жетелейді. Студенттеріміз креативті шешім қабылдай алатын,өз қиял- ғажайып армандарын іс жүзінде көрсете алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"