2014 жылдың 5 ақпанында Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш. қатысуымен педагог-психологтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында мектеп психологтарының қалалық семинары ұйымдастырылды. Аталған шараға қала мектептерінің психологтары және №7 МГ бастауыш сынып мұғалімдері қатыстырылды.
Семинар барысында №7 МГ педагог-психологі Оспанова Айгуль Мергалиевна 4-сынып оқушыларымен «Ұғымдармен жұмыста ойлау әрекетін дамыту» тақырыбында түзете-дамыту сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты оқушылардың ұғымдармен (ой қорытындылау, талдау, салыстыра білу, абстрактілеу) жұмыс істеу барысында қажетті негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру. Оқушылар бірнеше топтарға бөлініп, бірлесіп жұмыс істеді.
Сабақ «Істегім келмейді» жаттығуы арқылы психологиялық дайындықпен басталды. Балалар жалпылау білігін, зейіні мен есте сақтау қабілеттерін, логика мен ұғыну ойларын дамытуға арналған «Домино», «Сөйлемдерді жина», «Қарама-қайшылықты тап» сияқты бірнеше жаттығуларды орындады. Балалар ақпараттық карточкалармен жұмыс жасады. Психолог сабақта ұйымдастырушы-көмекші рөлінде атқарды, тапсырмалар мен сұрақтар беріп отырды, бағыттап, түзетіп, кеңестер мен ұсыныстар беріп отырды. Сабақтың ұтымдылығы педагог-психолог маманнның оқушыларды өз бетімен ойлай білуге жетелеп, интеллектуалды белсенділіктерін дамытуда болды.
Семинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Балалармен жұмыста жаңашылдық, стандартты емес жұмыс түрлері ерекше аталып өтті. Балалар өздерін еркін ұстай біледі, пікірлерін ашық айтады, өз-өздеріне сенімді. Сабақты талдау барысында әріптестер мектептегі балалық шақ – адам дамуының маңызды кезеңі екенін ескере отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуында түзете-дамыту сабақтарының қажеттіліне кеңінен тоқталып өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"