Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

БӘРІН БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ!

 2014 жылдың 8 ақпан күні Білім басқармасының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 3 сынып оқушыларына арналған «Бәрін білгім келеді!» дүниетану пәні бойынша кезекті ІІ қалалық байқауы өтті. Іс-шара                           Ғ. Қаирбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия аясында өткізілді.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – іріктеу, дүниетану пәні бағдарламасы бойынша оқушылар  тестілеуден өтті. Екінші кезең – финалдық, іріктеу кезеңнен жоғарғы балл алған  алты команда арасында өткізілді.
Соңғы кезеңге «Светлячок» (№ 2 мектеп-гимназиясы), «Юннаты»                (№ 22 мектеп-гисназиясы), «ЧиП» (№ 60 мектеп-лицейі), «Бобры»                 (№ 62 мектеп-лицейі), «Пингвины» («Столичный» лицейі) және «Радуга» («Центральная» ЭМ) шықты.
Барлық командалар ішінен «Радуга» («Центральная» ЭМ) командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар Білім басқармасы дипломдарымен марапатталды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное